Жақсылыққа жаны құмар жастар

0
3052

Алматы қаласында былтырдан бері «Сәлем» еріктілер тобы жұмыс істеп келеді. Жақсылыққа жаны құмар жастар балалар үйіне барып, түрлі ойындар ойнап, бүлдіршіндерге шаттық сыйлайды. Қарттар үйінде болып, мерекелік кеш ұйымдастырып та үлгерген. Әлеуметтік жағдайы төмен немесе дәрі-дәрмекке мұқтаж жандарға да қол ұшын беруден тартынбайды. Саян Қуатқанұлының жетекшілігіндегі ұйымның мақсаты әлеуметтік жағдайы төмен отбасылырға көмектесу, жетім балалардың жүзіне күлкі ұялату, қарттардың көңіліне медет болу.

«Сәлем» ұжымының назарынан Қарасай ауданының әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындары да тыс қалмаған. Оған нақты мысал, кеше еріктілер өңірімізге қарасты отбасылық үлгідегі «Перзент» балалар үйінде болды. Балаларға спорттық ойындар ұйымдастырып, сұхбаттасып, көңілдерін көтерді.

Аталмыш топтың жоспарлары айқын, мұраттары асыл. Айта кетейік, жақында ауыр дертке шалдыққан Хафиза есімді кішкентай қызға қомақты қаржылай көмек керек болған. Жақсылыққа жаны құмар жастар бүгінгі таңда кітап, әшекей бұйымдар сатып, қаржы жинауда. Алдағы аптада, жәрмеңке ұйымдастырып, түскен ақшаны түгелдей бүлдіршіннің еміне аударуға ниетті. Бұл шараға сіз де үлес қоса аласыз. Ол үшін инстаграм желісіндегі shop_for_hafiza және help_hafiza парақшаларын бақылай жүріңіздер.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь