Қазақстандықтар мобильді қосымша арқылы анықтамалар ала алады

Қазақстандықтар мобильді қосымша арқылы анықтамалар ала алады

«Электрондық үкімет» порталының «MGov» қосымшасында 12 қызмет іске қосылды, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Тengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Енді қазақстандықтар мобильді қосымшаның көмегімен наркологиялық, психоневрологиялық, туберкулезге қарсы диспансерден анықтамалар алу қызметі қолжетімді.

Мұнан бөлек, оңтайландырылған жүйеде некеге тұру, әке болуды анықтау,  некені бұзу, атын, тегін, әкесінің атын ауыстыру туралы куәліктерді жоғалтқан жағдайда жылдам  өтініш беруге де болады.

Сонымен қатар, тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет, тіркелген мекенжайы мен  тұрғылықты жері бойынша анықтамалар тіпті, жүргізуші куәлігін алу мүмкіндігі де туындаған. Және Е-Биржа (электрондық еңбек биржасы) қызметін ұсынған осы жүйелер тек «Android»  қолданушылары үшін ғана  қолжетімді. Ал, қалған жоғары да көрсетлген қызметтерді iOS арқылы да жүзеге асыра берсе болады.

Аталғандардың барлығын қолдануға әрбір пайдаланушыға арналған электрондық цифрлық қолтаңба немесе бір реттік SMS-пароль болуы керек. Ал,  ол үшін «Мобильдік азаматтар базасына» тіркелу міндетті.

«Электрондық үкімет» мобильдік қосымшасын пайдаланып жүрген азаматтарға жоғарыда көрсетілген қызметтерді алу үшін «mGov» қосымшасын жаңарту жеткілікті. Бүгінде «eGov.kz» порталының мобильдік қосымшасы арқылы 62 мемлекеттік қызмет пен сервис қолжетімді.  Сондай-ақ, iOS және Android платформаларында жоғарыда көрсетілген мобильді қосымшаны 1,38 миллион еседен астам адам жүктегенін атап өткен жөн. Ал, көрсетілген қызметтер саны 3,66 миллионнан асты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях