Ауыл халқының мәселелері көтерілді

Ауыл халқының мәселелері көтерілді

Аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың халық алдындағы кезекті есебі Бірінші Май ауылдық округінде өтті. Жиынға Алматы облыстық сәулет және қалақұрылысы басқармасының басшысы Даркен Нұржанов қатысты.

Алдымен өңір басшысы өткен жылда жасалған жұмыстар туралы халыққа мәлімет берген соң, ауыл тұрғындарын мазалап жүрген бірқатар мәселелерін тыңдады.

 

Нақты айтар болсақ, Бекболат ауылының тұрғыны Сайлауқұл Жақсылыққызы Бекболат пен Қайнар ауылдарына жаңа медициналық нысандар қажеттілігін айтып, осы мәселеге байланысты көмек көрсетуді өтінді. Тағы бір осы ауылдың тұрғыны Гүлнара Мырзақұлова ауылдың бас жағында орналасқан аспалы көпірге жөндеу жұмыстары қажет екенін жеткізді. Ал, осы азаматшаның ауылдасы Самат Рашитов ауылдағы бірнеше көшелердің жолдарына тас жол төсеу керектігін айтып, көмек сұрады. Есептік кездесу барысында осы мәселелерден басқа ауылдағы балалар үшін спорт кешендері мен мәдениет үйлерінің жетіспеушілігі де сөз етілді. Аудан басшысы жоғарыда айтылған мәселелер бойынша тиісті бөлім басшылары мен ауылдық округінің әкімі Елдос Мұқатаевқа тапсырмалар жүктеді.

Жиын соңында Жандарбек Ермекұлы тұрғындардың көтерген мәселері қаншалықты деңгейде шешілгенін білу үшін тоқсан соңында тағы бір жиын өткізетіндігін хабардар етті.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях