Мәншүк Маметоваға 100 жыл, ауыл мектебіне 90 жыл

Мәншүк Маметоваға 100 жыл, ауыл мектебіне 90 жыл

  Ескелді ауданы Шымыр ауылында Қазақтың батыр қызы Мәншүк Маметованың 100 жылдық мерей тойы тойланды, деп хабарлайды naqty.kz желілік басылымның тілшісі.

Биылғы жылы сол ауылдық мектептің құрылғанына 90 жыл болса, батыр қыздың атымен аталғанына 60 жыл. Аталмыш  шараға аудандық маслихат хатшысы Қ.Сатанов, білім бөлімінің сектор меңгерушісі  Ш.Жақанова, мектеп директорлары, ардагер ұстаздар қатысты.

«Мен — Мәншүкпін, солдатымын майданның» атты салтанатты шараның басты мақсаты – аты аңызға айналып, ерлік ісі барша ұлтты таң қалдырып, есімі тарих беттерінде алтын әріппен өрнектелген ерліктің мәңгі алауын жаққан қазақтың қызы Мәншүк Маметованың жарқын өмірі және Ұлы Отан соғысындағы ерлік істерін ұрпаққа үлгі, өнеге ету. Кеңес Одағының Батыры туралы жан-жақты мәлімет бере отырып, оқушыларды ерлікке, елін, жерін сүюге тәрбиелеу. Мектептің 90 жылдық тарихынан сыр шерту. Батыр қыздың есімімен аталуының қадір-қасиетін ұғындыру. Салтанатты жиын ескерткішке гүл шоғын қойып, соғыс ардагерлерін              1 минуттық үнсіздікпен еске алудан басталды.

Келесі кезекте халық назарына Мәншүк Маметованың жүріп өткен жолынан үзінді мен концерттіқ бағдарлама ұсынылды. Сонымен қатар «Қазақтың батыр қызы-Мәншүк Маметова» атты  сурет байқауы, «Қазақтың қаһарман қызы» тақырыбында  кітап көрмесі, «Мәншүк — халқымыздың батыр қызы» әскери-спорттық спартакиадасы, «Қазақтан шыққан әйгілі пулеметші», «Қазақтың қайсар қызы» тақырыбында ашық тәрбие сабақтары болды. «Ерлік ешқашан ұмытылмайды» атты патриоттық әндер байкауы ұйымдастырылып, жеңімпаздар жүлделі және Алғыс хаттармен марапатталды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях