Жерлестеріміз топ жарды

Жерлестеріміз топ жарды

Жақында, Талғар ауданына қарасты Белбұлақ ауылындағы №10 мектепте облыстық деңгейдегі шахмат жарысы болып өтті. Оған Талғар, Қарасай, Жамбыл аудандарынан және Алматы қаласынан барлығы 28 жеңістен үміткер қатысса, соның 11-і біздің жерлестеріміз болды.

Ойын швейцар жүйесімен 9 тур ойналды. Барлық 9 ойыннан 8 ұпай жинаған Бозимов Темірхан жарыс жеңімпазы атанды. Екінші орынға 7,5 ұпай есебімен Алпысбаев Рахат табан тіресе, 7,0 нәтижесімен алматылық Бурнашев Константин үшінші орынға табан тіреді. Төртінші және бесінші орынға 6,0 ұпай жинаған Пермұхамедов Рүстем мен Әбдімұратов Амандулла ие болды. Осылайша, белгіленген жүлделі бес орынның төртеуі түгелдей қарасайлық шахматшыларға бұйырып, аудан мерейін тағы бір мәрте асқақтады. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях