СДУ магистранты «Үздік ұстаз» атанды

СДУ магистранты «Үздік ұстаз» атанды

Сулейман Демирель атындағы университеттің магистранты Бексеит Қадырбай ҚР Педагогтер одағының «Үздік ұстаз» төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Педагогика және Гуманитарлық ғылымдар факультетінің магистранты Б.Қыдырбай СДУ PhD профессоры Жайнагүл Дүйсебекованың жетекшілігімен «Орта білім беру жүйесіндегі мұғалім моделі» тақырыбында жоба дайындады.

Аталған жоба Педагогтер одағының ұйымдастыруымен Дубайда өткен семинарда таныстырылып, қазылар алқасының көңілінен шықты. Педагогтерге арналған семинарға Қазақстан бойынша 50-ге жуық мұғалім қатысты. Қаскелең қаласындағы «КурсANT» білім беру орталығының директоры Бексеит Қадырбайдың айтуынша, ғылыми жоба еліміздегі орта білімді дамытуға бағытталған.

«Жобада орта білім беру жүйесіндегі мұғалім моделі құрастырылып, сол модельге жету үшін мұғалімдер қандай әрекеттер жасау керек екені баяндалды. Шынында, бұл ғылыми-тағылымдамалық, тәжірибелік іссапардан алған инсайттар, жаңалық мұғалім жолда біздің одан әрі дамытары сөзсіз. Қазақстанның 50-ге жуық мұғалімінен үйренеріміз де, олармен бөлісеріміз де көп болды. Бәріміз бірге еліміздің дамуы мен халқымыздың өркендеуіне елеулі үлес қосатынымызға сеніміміз мол», – деді магистрант.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях