Эссе жазып, СДУ грантын ұтып ал

Эссе жазып, СДУ грантын ұтып ал

Сулейман Демирель атындағы университеттің Журналистика мектебі жалпы білім беретін мектеп, лицей және гимназиялардың 11-сынып және Назарбаев зияткерлік мектептерінің (НЗМ) 12-сынып оқушылары арасында «Журналист болғым келеді» атты II республикалық эссе байқауын өткізеді, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы. Бұл туралы аталмыш ЖОО-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Биылғы жылдың түлектері бақ сынайтын бұл жарысты университет тарапы «31» арнамен бірігіп қазақ телевизиясының 65 жылдығына орай ұйымдастыруда.

Байқау 22 сәуірі мен 5-6 мамыр күндері аралығында өтеді. Оқушылар екі кезең бойынша сынға түседі. Бірінші кезең – онлайн тест форматында 22 сәуірде, екінші кезең – эссе жазу 5 мамыр күні СДУ базасында өткізіледі.

Эссе конкурсы бойынша I орын алған оқушыға СДУ-дың 4 жылдық білім гранты, II орынға 50 пайыздық, III орынға 30 пайыздық жеңілдік беріледі. Байқау жеңімпаздарына сертификат мен бағалы сыйлықтар табыс етіледі.

Байқаудың негізгі мақсаты – журналист болуды армандайтын оқушылардың білім грантын жеңіп алуына мүмкіндік беру. Одан бөлек, жазуға талапты балалардың қабiлет-қарымын ұштау, журналистика мамандығына қызығушылығын арттыру және шығармашылық ізденіске жұмылдыру.
Білім грантын табыстау мен атаулы шараның салтанатты жабылу рәсімі 6 мамыр күніне жоспарланған.

Қосымша сұрақтарды төменде көрсетілген нөмірлерге хабарласып білуге болады.
+7 778 912 8183
+7 (727) 3079565

Байқауға тіркелу формасы https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfqKfxCECAYoT7e2Cen4ymNwSx5o_nyZnH-lF70aFnE7MMgdQ/viewform?usp=sf_link

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях