Алматы облысы Қарасай ауданында медициналық препараттың 150 түрі шығарылады

0
997

Қарасай ауданы, Елтай ауылдық округінде орналасқан «Kelyn-Kazharm» ЖШС Орта Азиядағы фармацевтикалық өнім шығаратын ең ірі кәсіпорын табылады. 2014 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан нысан бүгінде жылына 140 млн.дәрі құйылған шыны құты шығаруға қабілетті, деп хабарлайды  naqty.kz  желілік басылымның тілшісі.

Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ғазиз Малдыбаевтың айтуынша, «Kelyn-Kazharm» ЖШС ірі бизнес субьектілерінің қатарына жатады. Кәсіпорын импорт алмастыру мәселелерін толықтай шешіп, елімізді сапалы әрі қолжетімді дәрімен қамтамасыз етуде. Өнімін шетел нарығына да шығара бастаған.

«Kelyn-Kazharm» ЖШС-інің директоры Мерей Сламұлы 1996 жылы негізі қаланған қытайлық «Kelyn» компаниясы аспан асты еліндегі ең ірі фармацевтикалық кәсіпорынның қатарына кіретінін айтқан еді. Құны 7,5 млрд.теңге болатын нысан негізінен жеке инвесторлардың қаржысына салынған. Жер көлемі 4 гектар, өндіріс аумағы 19000 шаршы метр болатын зауытта үш өндірістік және қойма ғимараты бар. Медициналық препараттар шығарылатындықтан мұнда тазалық пен тәртіпке аса көңіл бөлінеді.

«Kelyn-Kazharm» зауытында негізінен полипропилен қапшығына құйылған инфузиялық ерітінділер мен шыны құтылар және полипропилен ампулаларындағы инъекциялық ерітінділерді өндіреді. Алдағы уақытта лиофилендірілген ұнтақ пен антибиотиктер және түрлі ісікке қарсы препараттар шығару қолға алынбақ. Өндіріске қажетті шикізат әзірге Сингапурдан жеткізілуде. Дәрілік препараттардың сапасы Жапония мен Сингапурда шығарылған заманауи қондырғылар орнатылған зертханаларда тексерілуде.

Зауытта бүгіндері 311 адам еңбек етеді. Олардың қатарында Қытайдан келген мамандар да бар. Алдын ала жасалған келісімшарт бойынша кәсіпорында С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің студенттері өндірістік тәжірибеден өтуде. Оқуларын бітіргеннен кейін осында еңбек етуге қалатындардың қатары да жыл өткен сайын артып келеді.

«Kelyn-Kazharm» зауытында медициналық препараттардың 150 түрі шығарылады. Тәжді тажалға байланысты енгізілген пандемия кезінде өнім көлемі біршама азайғанымен, өндіріс қалыпты жағдайда жұмыс істеуде. Өткен жылы мұнда 2649 млн.теңгенің өнімі өндірілсе, биыл бұл көрсеткіш 7903 млн. теңгеге жетеді деп күтілуде

 

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь