Тұрардағы өртенген балабақша қалпына келтірілуде (Видео)

Тұрардағы өртенген балабақша қалпына келтірілуде (Видео)

Айдың күннің аманында 5 сәуір күні түс кезінде Тұрар ауылындағы жер үйден шыққан өрттің жалыны оның қасында орналасқан балабақшаны да шарпып өткен еді.

Абырой болғанда, бүлдіршіндер мен мекеменің қызметкерлері аман қалған. Құтқарушылар қызметі де дер кезінде келіп, ғимараттың толық жанып кетудің алдын алды.

Бүгінде «Happy Kids» балабақшасын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Тілсіз жаудан зардап шеккен білім ошағына аудан басшылығынан бастап, жаны жомарт жандар қол ұшын созуда. Олардың қатарында Жібек жолы ауылдық округінен сайланған ауданның мәслихат депутаты, «ПК Алтын таға» ЖШС-нің директоры Нұрбол Берікболұлы да бар. Атымтай азамат білім беру мекемесінің осындай күйге түскеніне бей-жай қарамай, қайырымды іске бастамашыл болып, ұжымның атынан қаржылай қолдау білдіруді жөн санапты.

«Балабақша білім мен тәрбиенің баспалдағы болғандықтан, ғимараттың мұндай күйге түскені бізге де ауыр тиді. Осы ретте Жібек жолы ауылдық округінен сайланған мәслихат депутаты ретінде көмектесуге өзім бастамашыл болып, ұжыммен бірлесе ақылдасып, ғимараттың жөнделуіне қаржылай көмек көрсетейік деп шештік. Біз осындай қиын сәттерде бірлігімізді танытуымыз керек. Балабақшаның алдағы жұмысына сәттілік тілеймін», – дейді халық қалаулылсы Нұрбол Берікболұлы.

Ал балабақшаның құрылтайшысы Фархат Талғатұлы өз кезегінде осындай Нұрбол Берікболұлыдай азаматтар мен басқа жанашыр жандардың қолдауына ризашылығын білдіруде. Айтуынша, көптің қолдауымен қазіргі уақытта мекеме толықтай жөнделуде.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях