Ерекше қабілетті балаларға арналған жаттығу құралы

Ерекше қабілетті балаларға арналған жаттығу құралы

«Дара» қайырымдылық қорының бастамасымен ашылған орталыққа «Гросса» жаттығу құрылғылары орнатылды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Ерекше білімді қажет ететін балалардың сана-сезімін, ой-қиялдарын жан-жақты қалыптастыруды мақсат еткен №17 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің бүгінгі таңда жұмысы басталып, жандана жалғасып келеді. «Дара» қайырымдылық қорының қолдауымен ашылған бұл орталық алдағы уақытта ерекше балалармен жұмыс істейтін дефектолог, психолог, логопед, массаж, тифлопедагог, сурдопедагог сияқты білікті мамандардың қатарын арттыруды көздеп отыр. Бір айта кетерлігі, мұнда тәрбиеленуші балалар тұрғылықты жері бойынша тегін қызмет алып, ой-өрістерін қалыптастыра алады.

Қазіргі таңда мекеменің ауласында ерекше қабілетті білім алушыларға арналған жеңіл түрде шынығатын ойын алаңы бар. Оған қоса, күні кеше осы орталықтың ішіндегі арнайы кабинетке «Гросса» жаттығу құрылғылары орнатылды. Бұлшық ет қызметін жақсартуға арналған бұл спорттық құрал-жабдықтардың авторы – Юхан Гросс екенін айта кеткен жөн. Мәскеулік азамат кеше өзі аталмыш мекемеге арнайы келіп, тірек қимыл аппараты бұзылған балалар мен ата-аналарға, сондай-ақ, Алматы облысы бойынша ашылған түзеу кабинеттерінің емдік дене шынықтырумен айналысатын мамандарына шеберлік сабағын өткізді. Оның барысында Юхан Артурұлы буындардың қалыпты қозғалуына қатысты кеңесін беріп, бірнеше жаттығу үлгілерін де көрсетті. Осыдан кейін білікті ресейлік маман арнайы кабинетте орнатылған «Гросса» жаттығу құрылғыларын таныстырып, оның қалай қолдану тәсілдерін де үйретті. Жалпы, бұл спорттық жабдық тірек-қимыл жүйесіне түсетін жүктемені жеңілдетіп, буындардың қалыпты қозғалуына ықпал жасайды және тік бағытта жаттығу жасай алмайтын балалардың қозғалуына мүмкіндік береді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях