ЖАС ҚАРАСАЙЛЫҚТАР ҮЗДІК АТАНДЫ

ЖАС ҚАРАСАЙЛЫҚТАР ҮЗДІК АТАНДЫ

Аудан жастары үздіктердің қатарында, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Қашанда жаңашылдыққа бастамашы, игілікті идеяларға қолғабыс етіп жүретіндердің қатарында біздің ауданның жастары да бар. Өңірдің тыныс-тіршілігімен біте қайнасып, түрлі салада атқарған істерінен бөлек, олардың жеткен жетістіктері де аз емес.

Жақында Талдықорған қаласындағы Б.Римова атындағы драма театрында өткен «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XV еңбек маусымының жабылу рәсімінде жас қарасайлықтар «ÚZDİK KOMANDIR» атанса, дәл осындай номинациямен аудан атынан Нұрдос Түкебаев та марапатталды. Үнемі туған жерінің гүлденуі мен жарқын істерге атсалысып жүретін осындай жалынды жастардың атқарған еңбектері облыс көлемінде бағаланып жатса, ол да ауданның жеткен жетістігінің бірі деп білеміз.

Қарасайлық жастардың белсенділігі жуырда өткен облыс орталығындағы тағы бір іс-шара аясында бағаланғанын айта кеткен жөн. Нақты айтқанда, Талдықорған қаласында өткен Алматы облысының полициясына қолдау көрсетуші «Жалын» студенттік жасақтарының облыстық слетіне біздің жас буын өкілдері де қатысып, арнайы сертификаттарға ие болды. Шара барысында қатысушыларға арналып оқыту семинарлары да ұйымдастырылды. Ал, өз кезегінде Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Жомарт Қаратас жалынды жасақтардың атқарған еңбектерін бағалап, үздіктерді арнайы дипломмен марапаттады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях