Моңғолияның шекарасы 1 маусымнан бастап ашылуы мүмкін

Моңғолияның шекарасы 1 маусымнан бастап ашылуы мүмкін

27 мамыр күні өткен Моңғолия Үкіметінің отырысында 1 маусымнан бастап шекараларды ашу туралы мәселе қарастырылды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы «МОНЦАМЭ» агенттігіне сілтеме жасап.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, Моңғолия азаматтары Отанына оралу үшін коронавирусқа қарсы толық вакцинациядан өтуге міндетті емес. Яғни оларға екпені үйлеріне оралған соң алуға мүмкіндік беріліп отыр. Онымен қоса, коронавирусқа қарсы вакцинацияның толық курсын (екі компонентін) алған шет мемлекет азаматтарына Моңғолияға келуге рұқсат беріледі.

Премьер-министр Л. Оюун-Эрдэнэ аталған сұрақты қосымша жіті пысықтап, шекараны ашу бойынша нақты ұсыныстарды 1 маусымға дейін Министрлер кабинетінің отырысында беруді тапсырды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях