ҰБТ-да 500 түлектің тест нәтижесі жойылды

ҰБТ-да 500 түлектің тест нәтижесі жойылды

ҰБТ-да тестіленуші 85 мың түлектің 500-ге жуығының нәтижесі жойылды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов мәлімдеді.

«Достар, тест тапсырмаларын немесе олардың үзіндісін аудиториядан шығару — ереже бұзушылық саналады. Сондықтан ҰБТ нәтижесі жойылады. Осы күнге дейін 85 мың тестіленушінің ішінен бес жүзінің нәтижесі жойылды. Және тест тапсырмаларын шығарып, таратудың да еш мәні жоқ — тест базасы күнде жаңарады!», — деп жазды Д Смағұлов Facebook-тегі парақшасында.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях