Қасым-Жомарт Тоқаев Шұғыл әрекет ету штабының кеңесін өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Шұғыл әрекет ету штабының кеңесін өткізді

Бүгін Мемлекет басшысының төрағалығымен Шұғыл әрекет ету штабының кеңесі өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Жиында Премьер-Министр Асқар Мамин ел экономикасына кері әсер ететін сыртқы факторларды азайтуға байланысты Үкіметтің қабылдап жатқан шаралары туралы баяндады. Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустың таралуына қарсы күрес жөніндегі шешімнің ақталғанын және дер кезінде қабылданғанын, оның отандастарымыздың денсаулығын сақтауға бағытталғанын атап өтті. Оның барысында Президент балаларына қарау үшін үйінде отыруға мәжбүр ата-аналардың біріне ақылы еңбек демалысын беру қажеттігін жұмыс берушілерге түсіндіруді тапсырды. Сондай-ақ, ол медициналық мекемелер мен азаматтарды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мәселесін шұғыл шешуді, медициналық нысандардың дайындығын тексеруді талап етті.

Отырыста мемлекеттік қызметшілер мен басқа да лауазымды тұлғалардың шетелдерге іссапармен баруына тыйым салынады, тек азаматтарымыз бен еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған сапарларға ғана рұқсат берілетіндігі туралы да айтылды. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына және бюджет шығындарына қатысты болжамды қысқа мерзімде қайта қарауды тапсырды. Сондай-ақ, Үкіметке, ең алдымен, отандық өнім өндірушілерге басымдық бере отырып, тауарлар мен қызмет түрлерін сатып алудың тікелей және ашық жүйесіне көшуді тапсырды. Мұнан бөлек Мемлекет басшысы отандық тауарларды және жұмыс күшін пайдалана отырып, инфрақұрылымдарды жөндеуді, әлеуметтік нысандар мен жергілікті жолдар салуды көздейтін «Жұмыспен қамтудың» жол картасын жүзеге асыруға кемінде 300 миллиард теңге бөлу жөнінде тапсырма берді. Сонымен бірге жиында қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Ұлттық банкпен бірлесіп, қазақстандық бизнеске несие беру көлемін азайтпау жөнінде шаралар қабылдауға тапсырма берілді. Аймақ әкімдері азық-түлік пен қызмет түрлерінің бағасын бақылау жұмыстарын белсенді жүргізілудің қажеттілігі туралы айтылды.

Бұдан бөлек Президент мемлекеттік органдарды жекелеген тауарлардың сұранысына дүрбелең тудырмай, бос үрей мен алып-қашпа сөздің алдын алу үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізуге, оның ішінде, әлеуметтік желілерге айрықша көңіл бөлуге шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, еліміздің азық-түлік қоры Қазақстан халқының қажеттілігін толық қамтамасыз ете алады, тұтыну тауарларына қатысты ешқандай тапшылық болмайды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях