Елтайлықтарға жаңа әкім тағайындалды

Елтайлықтарға жаңа әкім тағайындалды

Бүгін аудандық мәслихат депутаттарының басым дауысын жинаған Бекжан Абжан, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 15-ші бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36 бабының 1 тармағына сәйкес Елтай ауылдық округі әкімі болып 25 желтоқсаннан бастап тағайындалды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Айта кеткен жөн, осы округте бұрын әкім лауазымында қызмет атқанған Ренат Кенеев басқа жұмысқа ауысқан болатын. Осыған орай, Қарасай аудандық комиссиясы аталмыш әкімдікке жаңа сайлау өткізіп, аудандық мәслихат депутаттарының басым көпшілігі Бекжан Абжанұлына дауыс беріп, ол осы қызметке тағайындалды. Ал, бүгін аудан әкімі Жандарбек Далабаев арнайы Елтай ауылдық округі әкімдігіне келіп, жаңа басшының өмірбаянымен таныстырып, орнына отырғызды. Округте жұмысын одан әрі жетілдіріп, экономикасын дамытуға үлкен үлесін қосатындығына сенім білдірген Жандарбек Ермекұлы ауыл ақсақалдары мен азаматтарының алдында жаңа әкімді құттықтады. Өз кезегінде тұрғындар да ыстық ықыласын білдіріп, басшылық жұмыста жетістікке жетіп, халықпен тығыз қарым-қатынаста болуын тіледі.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях