Қазақстан Ауғанстаннан 42 адамды эвакуациялады

Қазақстан Ауғанстаннан 42 адамды эвакуациялады

Біздің еліміз Ауғанстаннан 42 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметіне сүйенсек, кеше сағат 17:00-де ҚР Әскери әуе күштерінің С-295 әскери-көлік ұшағы Ауғанстаннан эвакуацияланған 42 жолаушымен Алматыға сәтті қонған.Қазақстанға 25 Қазақстан азаматы, оның ішінде 15 ересек адам және 10 бала, сондай-ақ ҚР Елшілігінің қызметкерлері келді.

Сонымен қатар, осы бортпен Қырғызстан тарапының өтініші бойынша бұл елдің 14 азаматы эвакуацияланды. Гуманитарлық операция ретінде осы ұшақпен ҚР Елшілігіне көмек сұрап жүгінген 1 Ресей азаматы мен 1 Литва азаматы АИР-дан шығарылды.

«Қазақстан Республикасы әрдайым шетелдегі өз азаматтарының мүдделері мен құқықтарын қорғайды», — деп аталып өткен хабарламада.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях