Шаттыққа бөлеген шырша кеші

Шаттыққа бөлеген шырша кеші

Жаңа жылдың келуін, әсіресе, балалардың асыға күтетіні анық. Себебі, олар тәтті толы қоржыны бар Аяз ата мен әсем киінген Қарша қызды көріп, бір сәт болса да сиқырлы әлемге саяхат шектіретін ертегі кейіпкерлерімен асыр салып ойнауға асық. Сондықтан бүгін жылдағыдай аудан әкімі Жандарбек Далабаев  балдырғандарға қуаныш сыйлап, «Апорт» моллында шырша мерекесін өткізді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.  

Күнделікті бір сарынды тіршілікті ұмыттырып, табалдырығын аттағаннан тамаша бір әсерге бөлеп, көңіліңді көтеріп тастайтын алып сауда орталығының бірінші қабатында қойылған зәулім шыршаның айналасына бүлдіршіндер жиналды. Ерекше киім үлгісімен жасанған, қиялдары бір сиқыр болуды сезетіндей балалардың жүздерінде бұл күнді асыға күткендері көрініп-ақ тұр.

Ал, аудан басшысы Жандарбек Ермекұлы жиналғандар мен  мектеп оқушыларына ізгі лебізін жеткізіп  облыс әкімі Амандық Баталовтың атынан мерекемен шын жүректен құттықтады.  Кеш иелеріне аудан бойынша толық, жартылай жетім, аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан 159 балаға қыстық киім мен тәттіге толы  мерекелік сый-сияпатын табыстап, жылы лебізін білдірді.

Алдымен  балалар аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған ертегі әлімінен келген «Бремен музыканттары» атты сахналық көріністі тамашалады.  Сондай-ақ, шара барысында бүлдіршіндер Доңыз жылымен қоштасып, Тышқан жылын қарсы алып, ортаға қосылған  Қарша қыз бен Аяз атаға тақпақтарын айтып берді. Кеш соңында балалар мерекелік көңіл-күймен сауда орталығында тамақтанып,  «Funky town» ойын-сауық орталығында көңіл көтерді.

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях