Египет онлайн-туризмі дамыған әлемнің алғашқы еліне айналуы мүмкін  

Египет онлайн-туризмі дамыған әлемнің алғашқы еліне айналуы мүмкін   

Маусымның басында ғаламтор арқылы мұндағы Гиза пирамидаларына алғашқы экскурсия басталады, деп хабарлайды  karasayinfo.kz  желілік басылымы «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Оған кез келген адам үйден шықпай-ақ қатыса алады. Бастысы сайтта тіркелу қажет. Онлайн экскурсия құны таңдалған бағдарлама түріне қарай 100 доллардан 300 долларға дейін жетуі мүмкін. Инновациялық идея ірі туристік фирмалардың да көңілінен шыққан. Туристік сектордың өкілдері биліктің бұл бастамасын бірауыздан мақұлдап отыр. Олар виртуалды әлем ел экономикасын дағдарыстан құтқарады деген үмітте.

Сөйтіп өткен аптадан бері туристік компаниялар тарихшы, эколог, IT- мамандар мен блогерлерді жұмысқа ала бастаған. Барлығы жұмылып, осы айдың соңына дейін Мысырдың бетке ұстар орындары мен теңіз түбіне жасалатын онлайн экскурсияның пилоттық жобасын әзірлеуі тіис. Ең қызығы, бұған мемлекеттік бюджеттен бір тиын да бөлінбеген. Шығынның бәрін жергілікті кәсіпкерлердің өздері өтейді.

Ал, жергілікті дайверлер экстремалдық экскурсия ұйымдастыруға ниетті. Туристік компаниялар гидтерді таңдауға кіріссе, дайверлер тәжірибелі телеоператорларды жұмысқа алып жатыр.  Алдағы уақытта онлайн экскурсияға Мысыр туризм министрлгінің сайтына тіркелу арқылы жазылуға болады. Тақауда ведомствоның ресми парақшасында тиісті қосымша да іске қосылмақ. Шенеуніктердің болжауынша, онлайн экскурсиялардың арқасында мемлекет шығынның жартылай болса да орнын толтыруды көздейді. Ал, егер бұл инновациялық идея іске аспаса, әлемдегі ең ірі Мысыр туризмі банкротқа ұшырайтын түрі бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях