Қаскелең қаласының аумағынан тыс жерде орналасқан «Шалқар» атты саяжай массивінің адамдары қасындағы құбыр жасайтын зауыттан келетін жағымсыз иіс әбден мазамызды қашырды деп шағымданып отыр. Әсіресе күннің ыстық кездерінде иістін кесірінен үйдің терезесін ашу мүмкін емес дейді тұрғындар. Олардың наразылықтарына құлақ асқан қала әкімі Асқар Мұқашев бүгін аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі мен аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің мамандарымен бірігіп, аталмыш зауытты тексеріп қайтты, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы. Жиналған тұрғындардың айтуынша, зауыттың басшысы оның аумағына екі жыл бұрын сийыр, бұқа, түйе сияқты қара малды, сондай-ақ, шошқа әкеліп өсіре бастаған. Алайда, мал тұрған жерді, оның аймағын тазаламағандықтан жағымсыз иістер пайда болған. Соның кесірінен шыбындар көбейіп, әсіресе күннің ыстық кездерінде үйдің терезесін ашу мүмкін емес болып кеткен. Сондай-ақ, кейбір тұрғындардың үйлерін салып жатқан құрылысшылары иіске төзбей кетіп қалған жағдайларда болған. Санитарлық талаптарды ұстанбаған зауыттын мұндай әрекеттері алдағы уақытта неше түрлі ауруларға әкеп соқтыруы мүмкін деген жұрттың шағымдарын естіген қала әкімі аталған зауатты тексеруге барды. Алайда, оның басшылығын орнынан таба алмады. Сол жерде телефон арқылы байланысып, оның басшысынан жақын арада әкімдікке жердің құжаттарымен келуді сұрады. Ал, шағымданып жиналған жұртқа зауыт басшылығымен кездесіп, мәселені жан-жақты қарап, оны міндетті түрде шешіп беруге уәде берді.
В Каскелене стартовал спортивный лагерь для особенных детей
Сегодня на территории благотворительного фонда «RAKHYM» стартовал двухдневный спортивный лагерь «All Ability Sports», то есть спорт для людей с разными возможностями. Организовали его центр...
«Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төсбелгісімен марапатталды
Қарасай ауданы бойынша кірістер басқармасы басшысының орынбасары Ғани Малыбаев «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
ҚР Президентінің «Мемлекеттік басқару жүйесін...
Ескелді ауданында ұстаздарға арналған медициналық автокешен жүмыс істеуде ...
Ескелді аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен аймақ бойынша мектеп қызметкерлерін тегін медициналық тексеруден өткізу басталды, деп хабарлайды naqty.kz желілік басылымның тілшісі.
Білім ошағындағы қызметкерлерге...
Родителям на заметку: осторожно, высокое напряжение!
С началом учебного года стоит обратить внимание родителей, учителей и воспитателей Карасайского района Алматинской области на электрические трансформаторные подстанции (ТП) и распределительные пункты (РП),...
Ғали Ормановқа арналған әдеби кеш ұйымдастырылды
Қарабұлақтағы Ескелді аудандық кітапханасындағы оқу залында «Ана тілім – асыл қазынам» атты қызығушылық клубының кезекті бас қосуында Ғали Ормановтың 115 жылдығына орай «Ғасыр ақыны»...