«Шыбын мен маса таратады». Коронавирус туралы қандай жаңсақ пікірлер тарап жатыр?

«Шыбын мен маса таратады». Коронавирус туралы қандай жаңсақ пікірлер тарап жатыр?

Ғалымдар коронавирусты толық зерттеп үлгерген жоқ. Соған байланысты желіде COVID-19 туралы жаңсақ пікірлер толып жүр. Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сәт сайын коронавирус туралы тарап жатқан жаңсақ пікірлерге қатысты мәлімдеме жасап отырады, деп хабарлайды  karasayinfo.kz  желілік басылымы  tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Сорпаға бұрыш қосып ішсең, коронавирустан емдейді» деген пікір қалыптасып үлгерген.  Желі қолданушылары коронавирустан тағам арқылы сақтанудың жолдары туралы жазған. ДДҰ мұндай жолдардың COVID-19-дан қорғамайтынын мәлімдеді.

– Тағамдағы ащы бұрыштың, әрине, гастрономиялық артықшылықтары бар, бірақ ол коронавирустың алдын алмайды және одан емдемейді, – делінген хабарламада.

«Шыбын мен маса коронавирус таратады»  – деген ақпарат тағы бар.  Күн жылынып, шыбындар шыға бастаған соң желіде бұл жәндік коронавирус таратады деген жазбалар пайда болды. Бұл да шындыққа жанаспайды екен. «Қазіргі уақытта шыбындардың COVID-19 вирусын таратуға қабілетті екенін көрсететін деректер мен ақпараттар жоқ», — дейді ұйым мамандары.

«5G мобиль желісі коронавирус таратады» – деген алып-қашпа әңгімелер тағы бар. Пандемияға байланысты 5G желісі COVID-19-дың тарауына әсер етеді деген пікір қалыптасқан. ДДҰ мұның да қате екенін мәлімдеді. «Вирус радиосигнал немесе мобиль байланыс толқыны арқылы тарамайды. COVID-19 5G желісі әлі жоқ көптеген елде тарап жатыр», — деп жазылған ұйым сайтында.

Техникаға қатысты тағы бір жаңсақ пікір — қол кептіргіш құрылғыға байланысты. Ол вирусты өлтіреді деген ақпарат пайда болған. Денсаулық сақтау ұйымы оның да жалған екенін хабарлады.

«Салқын ауа райында жүрсеңіз, коронавирус жойылады»  – деп әлеуметтік желілерде коронавирусты жеңудің тағы бір жолы тарап жатыр. Онда күн суық болғанда көшеде жүрсеңіз, коронавирустан емделесіз деген пікір айтылған.

Салқын ауа райында және қар жауып тұрғанда далада болу жаңа коронавирусты жоюға көмектеспейді. Сау адамның дене температурасы қоршаған ортаның температурасына немесе ауа райына қарамастан 36,5-37 градус аралығында болады. Сондықтан, салқын ауа райында далада болу коронавирус инфекциясымен немесе басқа аурулармен күресуге көмектеседі деп сенуге негіз жоқ.  Осы тұста коронавирустың желтоқсанда, яғни қыста басталғанын ұмытпаған жөн.

Сонымен қатар, ДДҰ коронавирус бар-жоғын зертханалық тест тапсыру арқылы ғана білуге болатынын еске салған.

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях