Боливиядағы түрмелердің бірінде сотталушылар ереуілге шықты

Боливиядағы түрмелердің бірінде сотталушылар ереуілге шықты

Наразылық білдіргендер биліктен медициналық көмек пен қорғаныш құралдарын талап етіп отыр, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Қамауда отырғандар Оруро қаласының абақтысында бүлік шығарған. Жиналғандарды тарату үшін тәртіп сақшылары көз жасаурататын газ қолданды. Қақтығыстан түрменің екі қызметкері жарақат алды. Ашуға бой алдырғандардың айтуынша, бір сотталушы қайтыс болғаннан кейін түрмеде дүрбелең туған. Жергілікті билік болса, жақын арада, түрмеден ондаған адамды бостандыққа шығармақ.
— Пандемия басталғалы бері ғимаратта вирустың таралуын болдырмау үшін ешқандай шара қолға алынған жоқ. Қорғаныш заттар, маскалар таратылмайды. Тым құрғанда бетпердені өзіміз тігіп алуымызға да мүмкіндік бермей отыр. Жуырда бір сотталушы ауырып көз жұмды. Оның неден қайтыс болғанын нақты білмейміз. Алайда, тиісті көмек дер кезінде көрсетілмеді. Біз де адамбыз, бізге де медициналық қызмет көрсету керек, — дейді наразылық білдірушілер.
Айта кетейік, қазір Боливияда COVID-19 диагнозы расталған 275 адам тіркелді. 20 адам осы дерттен көз жұмды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях