«Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төсбелгісімен марапатталды

«Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төсбелгісімен марапатталды

Қарасай ауданы бойынша кірістер басқармасы басшысының орынбасары Ғани Малыбаев «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

ҚР Президентінің «Мемлекеттік басқару жүйесін реформалау туралы» Жарлығымен және 2014 жылғы 14 тамыздағы Үкімет Қаулысымен Салық комитеті мен Кедендік бақылау комитетінің бірігуі жолмен Мемлекеттік кірістер комитеті құрылғаны белгілі. Осы уақыттан бері айтулы күн кәсіби мереке ретінде елімізде лайықты түрде аталып өтілуде.

Жалпы ел экономикасының қаржы әлеуетін дамуына өлшеусіз үлес қосып, бюджетке түсетін салық түсімдерін бақылау жолында Мемлекеттік кірістер органдарының атқарар қызметі зор. Бұл жауапты сала – қаржылық мәселелерді шешу жолындағы мемлекеттің сенімді қолдауы.

Салық саласын серік еткен қызметкерлер 14 тамыз – Мемлекеттік кірістер органдарының құрылған күні ретінде биыл да атап өтті. Өткен аптада Қарасай ауданы бойынша кірістер басқармасы басшысының орынбасары Ғани Малыбаев мерекенің аясында құрметке бөленіп, «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Ғани Айтқұлұлының осы салада жемісті еңбек етіп, жұмыс сапасын арттыру жолында табандылық танытып жүргеніне 18 жылдың жүзі болған. Кәсіби дағдысының, тәжірибесінің арқасында ақтарған ісі абыроймен алға басып келеді. Қарасай ауданы бойынша кірістер басқармасының басшысы Айгүл Жолдыбекқызының басшылығымен ауданның бюджет түсімін қадағалап, осы салада күш-жігерін аянған емес.

Еткен еңбектің, төккен тердің нәтижесі қашанда бағалануы заңдылық. Мәртебелі құрметке ие болған Қарасай ауданы бойынша кірістер басқармасы басшысының орынбасары Ғани Малыбаевты жоғарыда аталған марапатымен құттықтаймыз!

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях