Белсенді аудан жастары жарқын бағытта

Белсенді аудан жастары жарқын бағытта

Еліміздің мемлекеттік бағдарламаларын түсіндіру жөнінде көшпелі іс-шаралар жоспарлы түрде ұйымдастырылып, әр аймақтағы жастар қауымының белсенділігі артып келеді. Сондай-ақ, облыс бойынша этносаралық келісімді насихаттау бойынша халық арасында ақпараттандыру жұмыстары да жүргізілуде, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Осы аталған шараларды жүзеге асырушы топ мүшелері күні кеше аудан жастары арасында түрлі кездесулер өткізіп, игі істерге себепші болды. Нақты айтар болсақ, олар Қаскелең қаласындағы аудандық орталық кітапхана мен А.Байжанов атындағы орта мектебінде жас буын өкілдерімен жүздесіп, түрлі сұрақтардың аясында әңгіме өрбітті. Ақпараттық топтың құрамында Алматы облысының жастар ресурстық орталығының Жастарға әлеуметтік қолдау және қызмет көрсету бөлімінің басшысы Е.Шопатаев және А.Серікова, Р.Тұрланов сияқты мамандар болғанын да айта кеткен жөн. Дәл осындай басқосудың бірі Абай атындағы мектеп-гимназиясында да өтті. Бұл жиында «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты тақырыптың аясында ой айтылып, пайымды пікірлер де ортаға салынды. Ал, кездесуге Е.Ақболатов, Р.Усанова, Д.Нүрпейісов сынды жастармен тығыз жұмыс жасайтын білікті мамандар келіп, осы жыл аясында атқарылатын бастамаларымен бөлісті. Басқосу барысында аудандық Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Айжан Балажанова да сөз сөйлеп, тақырыпқа қатысты өз ойын білдірді.

Жастардың белсенділігі бұл аталған кездесулерден бөлек, аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен бос орындар жәрмеңкесінде де байқалғанын айта кету керек. Аталмыш игі шара Қаскелең қаласындағы «Зәмза» сауда үйінің алдында өткізілді. Жұмыссыз жүрген немесе оқуды бітірген жандарды нәтижелі жұмыспен қамту – негізгі мақсат болып табылатын бұл шараға облыстан арнайы келген қонақтар мен аудандық жұмыспен қамту орталығының мамандары да қатысты.

Жәрмеңкеге ауданның 14 кәсіпорны қатысып, тиісті жұмыс орнындарын ұсынды. Жұмыссыз жандар қосымша сұхбатқа шақырылып, кейбірі лайықты жұмысқа орналасатын болды. Одан бөлек, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша шағын несие алып, өз ісін ашу жолдары туралы және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы жайында Алматы облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен аудандық жұмыспен қамту орталығының мамандары өз кеңестерін беріп, қажетті ақпараттарымен бөлісті.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях