Ауданымызда өткен алма фестивалі

Ауданымызда өткен алма фестивалі

Бүгін Ораз Жандосов атындағы орта мектепте, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Алматы облыстық «Балкария» этно-мәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен, «Ұлы даланың жеті қыры» атты форум өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылым тілшісі.

Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын дамыту және насихаттау мен жастардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру мақсатында өткен бұл шараға Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бас маманы, облыстық әзербайжан, корей, грек, түрік және балкар этно-мәдени орталықтарының төрағалары, «Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығының» қоғамдық-көпшілік шараларды ұйымдастыру қызметінің жетекшісі, Жандосов пен Шамалған округтерінің әкімдері, аталмыш орта мектептің ардагер ұстаздары мен ауыл ақсақалдары қатысты.

Шара барысында аймаққа келген құрметті қонақтар алдымен форум аясында «Алма әлемі» атты фестивальге арнап ауданымызға қарасты жеті мектеп ұйымдастырған «Алма фантазиясы» атты көрмені тамашалап, ұстаздары мен оқушылардың алмадан әзірлеген түрлі тағамдарынан дәм тәтті. Фестиваль әрі қарай форуммен жалғасты. Форумның шымылдығын аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әмина Абдраманова ашып, келген қонақтарға қош келдіңіздер айтып, бүгінгі шараны ұйымдастыруға атсалысқан мектептер ұжымына алғысын білдірді. Мұнан кейін Жандосов мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Бекболат Байтиков Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар жайында әңгімеледі. Сондай-ақ, жоғарыда аталып өткен этно-мәдени бірлестіктердің төрағалары сөйлеп, аталмыш мақаланың мағынасы мен маңызы туралы, сондай-ақ, елге танымал жемістің тарихы жайында айтып өтті.

Қорытынды сөзді Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бас маманы Сауле Сұрабалдинова сөйлеп, аталмыш шараны ұйымдастыруға атсалысқан мектеп ұжымдарына ризашылығын білдіріп, Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан Алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады.

Ұлтымыздың мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттап, тарихымызды терең танытуды мақсат еткен шара соңы мектеп өңерпаздары ұйымдастырған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях