Бағдарлама арқылы жетістікке жеткен жан

Бағдарлама арқылы жетістікке жеткен жан

  Бүгінде елімізде кез келген сала бойынша мамандық игеруге арналған жұмыстар  ауданда  жүйелі жүргізілуде. Мемлекеттік бағдарламаның аясында аспазшы болып оқығандардың қатарындай Қарабұлақ ауылының тұрғыны Ақбота Қожагелдинова да бар, деп хабарлайды naqty.kz  желілік басылымның тілшісі.

Ол  бастауышта оқитын қызын тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана, сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмек алушы. Ақбота ағымдағы жылдың сәуір – шілде айлары аралығында аудандық Жұмыспен қамту орталығының бағдарламасы арқылы  «аспазшы» мамандығы бойынша үш  айлық курс оқып, куәлігін қолына алды.

Қазіргі таңда Қарабұлақ ауылы, Алдабергенов атындағы орта мектебінің асханасында аспазшы болып тұрақты жұмысқа орналасты. Мектеп оқушыларына таңғы, түскі ас және қосымша бәліштер (пирожки), пісіреді. «Еңбек ерлікке жеткізер,  ерлік елдікке жеткізер» демекші Ақбота алдығы уақытта осы мамандық бойынша, өз кәсібін бастауды жоспарлап отыр. Ақботаға сәттілік, жұмысының алға басуын, алға қойған мақсаттарына сүрінбей жетуін тілейміз.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях