Саяжайлар мен Жалпақсайдың арасына мектеп салынады

Саяжайлар мен Жалпақсайдың арасына мектеп салынады

Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов бүгін Ұмтыл ауылдық округіне қарасты 18 саяжайдың халқын алаңдатқан бірнеше мәселеге көңіл бөліп, аталған елді мекеннің өкілдерімен арнайы кездесті, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

«Алматы-Бішкек» тасжолының 19 шақырымында орналасқан 18 саяжайдың бүгінде шешілмей жатқан ортақ мәселелері жетерлік. Олардың ішінде атап айтатын алдымен елді мекендердің мәртебесін өзгерту болса, одан кейін мектеп салу, қосымша қоғамдық көліктерді іске қосу сияқты жауабы табылмаған сұрақтар бар. Жергілікті халық мұны бірнеше жыл айтып келеді.

Аудан басшысы Жасұлан Тоққожаұлы саяжайды мекен еткен тұрғындардың осы мәселелерін өз ауыздарынан естіп, оны талқылау мақсатында бүгін олармен кездесуді жөн санады. Елді мекеннің өкілдері аудан әкіміне барлық өтініштерін бүкпесіз жеткізіп, қолдау білдіруін сұрады.

Кездесу барысында Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов көтерілген мәселе өте орынды екенін жеткізді. Алайда заң шеңберінде кейбіріне мұқият қарау керектігін түсіндірді. Аудан басшысының айтуынша, жаңа мектептің іргетасын қалау үшін саяжайлар мен Жалпақсай ауылының арасынан жер телімі қарастырылып, бөлініп қойған. Жоспар бойынша қазіргі таңда «Қолайлы мектеп» бағдарламасына енгізу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар бұл кездесуде саяжайларға ауыл мәртебесін беру, қосымша автобус бағыттарын ашу мәселесі алдағы уақытта тиісті қызметтерге сай және тұрғындардың белсенді өкілдерімен бірге қарастырылатыны айтылды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях