АҚШ-тың тағы бір штаты Қытайды сотқа берді

АҚШ-тың тағы бір штаты Қытайды сотқа берді

Коронавирусқа байланысты Қытайдың үстінен бірінші болып шағым түсірген Миссури штаты болатын. Енді Миссисипи штаты да Қытайды сотқа берді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы 24.kz пен The Hill сайттарына сілтеме жасап.  

Штаттың бас прокуроры Линн Фитч «Қытайдың үнсіздігінен Миссисипидің көптеген тұрғыны зардап шекті» деп отыр.

– Біз олардың жазасыз қалуына жол бере алмаймыз. Миссисипи тұрғындары шындықты білуге лайық, сондықтан сотта әділдікке қол жеткізуге тырысамын, – деді ол.

Прокурор Аспан асты елінен шығынның өтелуін де талап етпек. Одан қалды Фитч жергілікті халықтың Бейжіңнің үстінен шағым түсіруіне рұқсат беретін заңның қабылдануына да атсалыспақ.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях