Коронавирус жұқтырған шенеуніктер  

Коронавирус жұқтырған шенеуніктер   

Дүниежүзінде COVID-19 жұқтырғандар саны 2,5 миллион адамнан асты. Олардың қатарында қарапайым халық пен дәрігерлерден бөлек, танымал актер, әнші, спортшы, шенеуніктер те бар, деп хабарлайды  karasayinfo.kz   желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

2020 жылғы 12 наурызда Канада премьер-министрі Джастин Трюдоның әйелі Софи Грегуар-Трюдоның коронавирусты анықтауға тапсырған тест нәтижесі оң болып шықты.  Ал, 13 наурызда Аустралия ішкі істер министрі Питер Даттон әлеуметтік желіде COVID-19 жұқтырғанын жазды.  15 наурызда Испания үкіметінің баспасөз қызметі премьер-министрдің жұбайы Бегонья Гомес «SARS-CoV-2»м коронавирусын жұқтырғанын хабарлады. Вирус анықталғаннан бір апта бұрын Бегонья Гомес Мадридте әйелдердің құқығы жөніндегі шеруге қатысқан. Шеруден кейін үкіметтің екі мүшесі министрі Ирен Монтеро және аймақтық саясат министрі Каролина Дариастың  да коронавирус жұқтырғаны белгілі болған.

Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрінің науқастардың қауіпсіздігі жөніндегі орынбасары Надин Дорис британиялық парламентарийде коронавирус жұқтырған алғашқы  шенеуніктердің бірі. Ал, Францияда мәдениет министрі Франк Ристер COVID-19 жұқтырған.  Иранда жоғары лауазымдағы 4 шенеунік:  вице-президент Эсхак Джахангири, отбасы және әйелдер ісі жөніндегі вице-министр Масуме Эмтекар, туризм және мәдени мұра министрі Али Асгаре Мунесане,   сауда және өнеркәсіп министрі Резе Рахмани коронавирус жұқтырған. Бұлардан бөлек  осы мемлекеттегі денсаулық сақтау және медициналық білім вице-министрі Ираджа Харирчи және парламенттің сегіз депутатынан коронавирус анықталған.

Енді елге оралсақ, 14 наурызда қазақстандық шенеуніктің коронавирус жұқтырғандармен бір рейсте келгені белгілі болды. Ол — Алматы қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы болған Айзат Молдағасымова. Департамент басшысы  Франкфурттен Алматыға ұшып келген. Рейстегі жолаушылардың бірінен коронавирус анықталған. Айзат Молдағасымова бірден оқшауланып, коронавирусқа тест тапсырған. Теріс нәтиже көрсеткен соң, үйдегі карантинде 14 күн болды. Кейін жұмысын жалғастырды. Алайда қазір Айзат Молдағасымова уақытша қызметінен шеттетілді.

13 наурызда желіде «Нұр-Сұлтан қаласы сотының төрағасы Тілектас Бәрпібаев Германиядағы ұлына барған кезде коронавирус жұқтырды» деген ақпарат тарады. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бұл ақпаратты растамады, алайда желідегі хабарды да жоққа шығармады.

Кеше, 22 сәуірде, Қазақстан денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылған Қамалжан Надыровтан коронавирус анықталғаны белгілі болды.

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях