Автокөлікті сақтандыру тарифі көтерілуі мүмкін

Автокөлікті сақтандыру тарифі көтерілуі мүмкін

Қазақстандағы автокөлікті сақтандыру компаниялары тарифті өсіруге ниетті, деп хабарлайды  Karasayinfo.kz желілік басылымы  Хабар-24 сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық банктің мәліметіне қарағанда бүгінде сақтандыру төлемдері бойынша орташа сома 368 мың мен 400 мың теңге шамасында. 2018 жылы мұндай төлемдер саны 60 мыңнан 74 мыңға дейін көбейген. Сонымен қатар, кейінгі жылдары автокөлік пен бөлшектерінің құны көтерілді. Шаһарларда машина саны да артты. Десе де сақтандыру тарифтері 2008 жылдан бері өскен жоқ. Осыған байланысты сақтандыру компаниялары арнайы есептеу жүргізіп, заңға өзгеріс енгізуді ұсынбақ.

– Қазіргі заңда сақтандыру тарифі көліктің қай өңірде тіркелгеніне байланысты белгіленеді. Осыған өзгеріс енгізу керек. Себебі, кейбір көліктер ауылдық жерде тіркелгенімен, көбінде қалада тұрады. Мәселен, Алматыда көліктің біразы Алматы облысында тіркелген. Бірақ қалада жүреді. Апатқа ұшырау мүмкіндігі жоғары. Бұл сақтандыру компанияларын шығынға батырып жатыр, – дейді сақтандыру компаниясының басқарма төрағасы Олег Ханин.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях