Алматыда әл-Фараби орталығы ашылды

Алматыда әл-Фараби орталығы ашылды

Алматыда Әбу Насыр әл-Фараби атындағы кітапхана–орталық ашылды, деп хабарлайды  Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Салтанатты шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, БҰҰ және ЮНЕСКО, Қазақстандағы дипломатиялық миссиялардың өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, жоғарғы оқу орындардың ректорлары, ғылыми орталықтар мен ҒЗИ жетекшілері,  ғалымдар, отандық және шетелдік БАҚ өкілдері, оқытушылар мен студенттер қатысты.

Тұсаукесер барысында қонақтар ұлы ойшылға арналған мұражай экспозицияларымен танысып, Әл-Фараби шығармалары қойылған көрмені, Қазақстанның Тұңғыш Президентіне, Абай мен Алаш қозғалысының қайраткерлеріне, сирек кездесетін және құнды кітаптар қорына арналған сандық залды аралап көрді. Елімізде бүгіннен  әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеу басталады.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях