Амандық Баталов жас өрт сөндірушілермен жүздесті

Амандық Баталов жас өрт сөндірушілермен жүздесті

Алматы облысының басшысы оқушылардан құралған «Жас өрт сөндірушілер» тобымен кездесті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы облысы Іле ауданындағы Өтеген батыр кентінде орналасқан №7 орта мектепте жас балғындарды құтқарушылық қызметке, өрттен құтқару дағдыларына жаттықтыратын «Smartsarbaz» – «Жас өрт сөндіруші» атты кадеттер сыныбы бар. Іле аудандық білім бөлімі мен төтенше жағдайлар бөлімінің бірлескен жобасы деп атауға болатын бұл сыныпта оқушылар түстен кейінгі уақытта әскери-спорттық ойындарға, қару ұстау және де оның шашып-жинау шеберлігіне машықтанып, құтқару әдіс-тәсілдерін үйренеді. Аталмыш мектептің түлектері жақында облыс әкімі Амандық Баталовпен кездесті.

Жиында Амандық Ғаббасұлы республикада бірінші болып қолға алынған бұл жобаны басқа да мектептерге үлгі етіп, болашақта балаларға мамандық таңдауларыңа өзінің жақсы ықпалын тигізетіндігін айтып өтті. Сонымен қатар, ол биылғы жылды Президентіміз Еріктілер жылы деп белгілегендіктен құтқарушы мамандығы ең аяулы, ең керекті мамандық екенін тілге тиек еттіп, аталмыш сыныпқа Смарт-LED телевизорын сыйға тартты. Кездесу кеші аяқталғаннан кейін балалар Оқушылар сарайы, қалалық төтенше жағдайлар басқармасындағы музей, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ғимаратын және басқа да қаланың көрнекті орындарын аралады.

Жалпы Өтеген батыр кентіндегі № 7 мектепте 2016-2017 оқу жылында дәл осындай жоба ішкі істер бөлімімен бірлесіп қолға алынып, «Жас полиция» кадет сыныбы ашылған болатын. Қазір ол сыныптағы балалардың алды 7 сыныпта, жаңадан қабылданғандары 5 сыныпта оқып жүр. Дәл сол сияқты «Жас өрт сөндіруші» кадет сыныбына да әр жылы 5 сынып оқушыларының арасынан іріктеліп, қабылданып отырады. Бұл мектеп жас сарбаздарды жан-жақты етіп тәрбилеуге назар аударып, олардың шығармашылық, әскери және техникалық бағаттағы машықтарын дамытуға бағыт етілген. Сондай-ақ, аталмыш мектепті бітіргендерге өрт сөндірудің арнайы курсын аяқтағаны туралы сертификат беріледі.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях