Шетелдік инвесторлар ет комбинатын салуы мүмкін  

Шетелдік инвесторлар ет комбинатын салуы мүмкін   

Алматы облысында жылына 500 мың бас ірі қара етін өңдейтін ет комбинаты салынуы мүмкін. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Амандық Баталовтың америкалық трансұлттық «Tyson Foods» компаниясы мен олардың Қазақстандағы серіктесі өндірістік-инвестициялық «Kusto Group» компаниясының өкілдерімен кездесуі барысында белгілі болды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы  Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуетті инвесторларды жылы қарсы алған Амандық Ғаббасұлы оларға өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары, соның ішінде инвестициялық мүмкіндіктері жайлы әңгімелеп берді. Ал, аталған  кәсіпорынның аға вице-президенті, бас директор Шэйн Миллер жобаны жүзеге асыруға қажетті мәліметтерді көп берген осы кездесу үшін алғысын білдірді.

Оның айтуынша, «Tyson Foods» компаниясының АҚШ-та алты  ет комбинаты бар, оларда жылына 7,5 млн. бас ірі қара өңделеді. Өнімдері әлемнің 80 еліне шығарылады.  Аталған компанияның  Алматы облысында салуға ниеттеніп отырған зауыты күніне екі мың, жылына 500 мың бас ірі қара өңдейтін қуаттылығы болмақ. Зауыт екі ауысыммен жұмыс істейді деп жоспарлануда, сонымен бірге  төрт мыңға дейін жаңа жұмыс орнын ашылады деген болжам жасалынды.  Кәсіпорын жұмысымен жалғаса жүретін бизнесті қоса алғанда жалпы саны 20 мыңға дейін жаңа жұмыс орындарын құру мүмкіндігі бар. Жобаның жалпы құны 300 млн. АҚШ долларына бағаланып отыр.

Кездесу соңында Амандық Баталов «Tyson Foods » компаниясының аға вице-президенті, бас директор Шэйн Миллерге Жетісу туралы фотосуреттер кітабы мен картина сыйға тартты.

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях