Қазақстандық ауыр атлет қыз әлем кубогында алтын иеленді

Қазақстандық ауыр атлет қыз әлем кубогында алтын иеленді

Айсамал Сансызбаева ауыр атлетикадан онлайн әлем кубогының жеңімпазы атанды,  деп хабарлайды  karasayinfo.kz желілік басылымы   Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Дереккөз мәліметінше, Перудің Лима қаласында Перу ауыр атлетика федерациясының ұйымдастыруымен онлайн әлем кубогы өтіп жатыр.

Жарыстың кезекті күнінде қыздар арасында 81 келіден жоғары салмақта қазақстандық спортшы үздік деп танылды. Айсамал Сансызбаева қоссайыс нәтижесі бойынша 244 келіні еңсеріп, Қазақстан қоржынына кезекті алтынды салды. Жастар арасында алғашқы жарысына қатысқан тағы бір қазақстандық Жанәли Тұяқов үшінші орын алды. Ол ұлдар арасында 102 келіден жоғары салмақ дәрежесінде бақ сынап, қоссайыс нәтижесі бойынша 319 (140+179) келіні көтерді.

Осылайша, Қазақстан қоржыны тағы бір алтын, бір қола жүлдемен толықты. Осыған дейін Абылай Әуелханов пен Рахат Бекболат алтын алса, Гүлнұр Ыбырай қола жүлдеге қол жеткізген болатын.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях