Айтылған ойлар да, өтініштер де назарға алынды

Айтылған ойлар да, өтініштер де назарға алынды

Жібек жолы (Жаңашамалған) ауылдық округінің тұрғындары кеше аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың 2019 жылы ауданда атқарылған жұмыстарға қатысты баяндамасын тыңдап, өздерін алаңдатқан бірқатар сұрақтарын қойды. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, әр мәселеге жауапты бөлім басшылары және халыққа қызмет көрсетуші мекемелердің өкілдері қатысты, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Теміржолдың торабында орналасқан ауылдық округте қордаланған мәселелер жетерлік. Олардың қатарында жарық, су, жол, одан қалса, мәдениет пен денсаулық саласына қатысты атқарылатын шаруалар да бар. Осы аталғандарды тұрғындар тарапы жиын барысында сөз етіп, кейбірін көпшілік болып талқыға салды. Жұртшылықты алаңдатқан ең негізгі мәселелердің арасында темір жол өткелі де бар екенін айта кеткен жөн.

Аудан әкімі Жандарбек Далабаев есептік кездесуде жоғарыда айтылған мәселелердің әрбіріне жеке-жеке тоқталып, ауыл тұрғындарына қысқаша түрде өткен жылы жеткен жетістік пен биыл жүзеге асатын ауқымды істердің барысына тоқталды. Оның ішінде, әрине, аталмыш ауылдық округте атқарылатын жоспарлы түрде бекітілген жұмыстар да бар. Мәселен, аудан басшысы былтыр ғана темір жол өткеліндегі апатқа байланысты төтенше жағдайдың орын алғанын айтып, енді келешекте осындай оқыс оқиға қайталанбас үшін жұмыстар атқарылып жатқанын алға тартты. Нақты айтқанда, темір жолдың бойында жер үсті жаяу жүргінші көпірінің құрылысын жүргізуге келісім-шарт жасалып, облыстық деңгейден қажетті қаражат бөлінген. Аталған ауқымды жұмыстың аяқталу мерзімі осы жылдың бірінші жартыжылдығы деп көзделуде. Сонымен қатар, аталмыш жолдың 43-ші шақырымынан бастап, жалпы ұзындығы 5 шақырымды құрайтын транзиттік автомобиль жол-көлік өткелінің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, құрылыс жұмыстарын жүргізуге жауапты мердігер мекемемен келісімшарт жасалды. Аталмыш нысанға 32 га құрайтын 46 жер телімі түсетінін ескере келе, қазіргі таңда оларды мемлекет мұқтажына шығыруға тиісті іс-шаралар жүргізіліп келеді. Осылайша, аудан әкімі көптің күдігін туғызған өзекті мәселенің шешімі реттеліп жатқанын түсіндіріп, басқа да сұрақтарға назар аударды.

Тұрғындар арасында судың тапшылығы жайында сөз қозғалғанда аудан басшысы ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың арнайы тапсырмасын тілге тиек етіп, яғни, 2023 жылға дейін Қазақстанның барлық аймағы сумен қамтасыз етілуі керек дегенді айта келе, аталған проблема алдағы екі-үш жылда толықтай шешілетінін жеткізді.

Ауылдастарының атынан сөйлеген Базарбике Жамалова Тұрар ауылындағы Көксаз көшесінің бойында тас жолдың жағдайы жақсы емес екенін айтып, жарық пен ауруханаға қатысты уәжін де білдірді. Алғашқы мәселе аудан әкімінің тапсырмасымен биылдан қалмай шешілетін болды. Ол жағын жауапты бөлім басшылары мен округ әжіті бақылауда ұстайтынын айтты. Ал, жарыққа қатысты сұрақ бірнеше тараптан қойылғандықтан, бәрінің мәселелері бірдей болды. Яғни, инфрақұрылымның әу баста жоқтығы білінсе де жаппай үйлердің пайда болуынан бірнеше коммуналдық (жарық, жол және т.б.) проблемалар туындаған. Бұл аталғандарды қалыпты жағдайда шешу үшін Жандарбек Ермекұлы жауапты бөлім басшылар мен округ әкімі Алпамыс Айдаровқа, сонымен қатар, қызмет көрсетуші мекемелердің құзырларына тапсырды.

Жоғарыда айтып кеткендей, кейбір ауылдарда аурухана мен мәдениет ордасының жоқтығы да сөз етілген еді. Оларды жиын барысында ақсақалдар бірлесіп қозғап, реті келсе сондай нысандар пайда болса деген өтініштерін білдірді. Оның барлығын аудан басшысы назарда ұстайтынын айтып, басқа мәселелермен қатар ойлап, шешуге тырысатынын айтты.

Жиын соңында ардагер ұстаз Әсемгүл Темірқұлова мен округтік ардагерлер алқасының төрағасы Базаркелді Анесов аудан әкімінің атқарған жұмыстарына халықтың атынан ризашылықтарын білдіріп, жұмысына сәттілік тіледі.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях