Ескелді ауданына қарасты үш ауылда емхана салынады

Ескелді ауданына қарасты үш ауылда емхана салынады

Жетісу облысында 12 модульді-блокты емхана салу жоспарлануда. Солардың біразы Ескелді ауданына қарасты Қоржынбай, Абай, Теректі ауылдарында болады. деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Ресми мәліметке сүйенсек, аталған ауылдарда салынатын ауруханаларға тиісті жерлері бөлініп, құжаттары дайындалу үстінде.

Жалпы был­тыр­­дан бері Жетісу облысына қарасты аудандарда тез құрылатын шағын емханалар салына бастаған. Солардың бірі алғашқы заманауи ем­хана Ескелді ауданына қарасты Биғаш ауылында пайдалануға берілгенін айта кету керек. Жалғызағаш ауылдық округіне қарасты бұл елді мекенде 235 адам тұрады. Аталған округ пен ауылдың арасы – 4-5 ша­қ­ырым. Осы күнге дейін сыр­қат­тан­ған адамдар ем қабылдау алу үшін Жал­ғызағашқа барып жүрсе, бүгін­де ауыл халқы денсаулығы сыр берсе, өз­де­ріндегі, яғни, Биғаш ауылындағы жаңа емханаға тек­се­рі­ле­ді.

Ескелді аудандық аурухананың әкімшілік-шаруашылық бөлімінің басшысы Замир Сакиевтің айтуынша, медицина мекемесі қыста салынғандықтан біраз әуре-сарсаңға салған. Мекеме салатын жердің қаттылығы да байқалған. Десе де күннің суығына қарамай жергілікті әкімдік  су, электр желісін тартуға атсалысып, бәрі ойдағыдай болған. Электр тартатын трансформаторды орнатудың өзіне 3 млн теңге қаржы кеткен.

«Блокті-модульді медициналық пункт­ті салудың артықшылығы, жоба­лау-сметалық құжат жасалмайды. Әйт­песе сол құжатты жасаудың өзіне бірнеше жыл және қыруар қаржы ке­те­ді. Блокты пунктті жазда жасау керек. Инженерлік-коммуникацияны да ертерек тартып тастаған жөн. Пункт 1-2 айда орнатылатын болғандықтан, көгалдандыру жұмысын да қатар атқару керек. Құрылысқа пеноблок материалы пайдаланылады. Медициналық пункт­ты салып берген жауапкершілігі шек­теулі серіктестігі блокты-модульді ме­ке­­ме жарты ғасырға дейін сыр бер­мейді дейді. Былтырдан бері біраз тәжірибе жинап қалдық», – деп түсіндірді Замир Саматұлы.

Ескелді аудандық аурухананың әкімшілік-шаруашылық бөлімінің басшысы айтуынша, мекемені қыста жылытуға ай сайын 30 мың теңге көлемінде электр қолданылады. Ме­дициналық пункт  ішінде дәретхана да бар. Мердігер компания емханаға 4 кондиционер қойып беріпті. Құрылғы екі жылға дейін бұзылса, компания өздері ауыстырады.

Сонымен аталған ауданда тағы осындай үш блокті-модульді емхана салыну жоспарлануда. Тұрғындардың өтініштеріне құлақ асатын болсақ, кейбір округке қарасты ауылдардың арасы шалғай екенін ескеріліп, мұндай пункт көптеп салынуы тиіс.

«Бұрын ем алу үшін Жалғызағашқа, кейде аудан орталығы Қарабұлаққа баратынбыз. Барып-қайтқанша үйде қалған бала-шағамызды ойлап есіміз шығады. Сыртта ем алуға кезекте тұр­ған адамдар күтіп қалмасын деп сис­те­маны құйдыра салып, төсекті босатып беруді ойлаймыз. Одан ауылға қайтатын такси іздейміз. Жасы келген адамдардың жағдайын айтпасақ та түсінікті. Мына емхана жақсы болды. Заманға сай жасақталған. Сыртқы қа­ша­дан кіргеннен жаныңыз жайланып сала береді. Емді асықпай аламыз. Укол­дан кейін біраз уақыт жатамыз», – дейді ауыл тұрғыны Аяулым Асқар.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях