Абақтылардағы бақылаушыларға арнайы бейнежетондар берілетін болады

Абақтылардағы бақылаушыларға арнайы бейнежетондар берілетін болады

Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесінің комитеті абақтылардағы бақылаушыларды бейнежетондармен жабдықтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

– Ағымдағы жылы қаражат бөлінгендіктен, 31 мекеме қызметкерлеріне арналған бейнежетондар сатып алынады. Әр мекемеде өзінің бейнебақылау құрылғылары арқылы басқару жүйесі бар. Алдағы уақытта қаражат бөлінсе, біз бұл шараларды ары қарай да жүзеге асырамыз, – деді қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Дархан Қанатбеков.

Сондай-ақ, оның айтуынша, қажетті жабдықты сатып алуға қаражат республикалық бюджеттен бөлінеді.

– Бүгінгі күні 1363 бейнетіркеуші бар, жыл соңына дейін біз 635 бейнежетондар сатып алуды жоспарлап отырмыз. 2020-2022 жылдары олар бюджеттік өтінімде жарияланды, сондықтар алдағы уақытта да бейнежетондар сатып алынады, – деді комитет басшысы.

Қанатбеков бейнежетондардың болуы ен бастысы қызметкерлерді тәртіпке келтіруге және сотталғандар тарапынан заңсыз әрекеттерді болдырмауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях