Ақша айырбастау пункттерінде тұтынушылардың жеке мәліметтері тіркелетін болады

Ақша айырбастау пункттерінде тұтынушылардың жеке мәліметтері тіркелетін болады

Ұлттық банк ақша айырбастау пункттерін валюталық операциялар кезінде қазақстандықтардың деректерін тіркеуді міндеттейді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tenginews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл үшін 51-тармақ мынадай тізім бойынша жазылсын деген:

«Әрбір жүргізілген айырбастау операциялары үшін тізілім журналында келесі мәліметтер жазылады: тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса сондай-ақ, тегі толық көрсетілуі керек), құжат түрі, шығарылған күні, құжат нөмірі, қолданылу мерзімі); тұтынушының нөмірі (бар болса) және оның заңды мекен-жайы толығымен жазылуы қажет».

Сондай-ақ, автоматтандырылған ақша айырбастау пунктерінде бір рет жүргізілген айырбастау операциясының сомасы бағама бойынша 500 000 (бес жүз мың) теңге баламасынан аспауы керек.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях