SDU білімді жастарды қолдауға грант бөліп отыр

SDU білімді жастарды қолдауға грант бөліп отыр

Сулейман Демирель атындағы Университет еліміздің барлық қала, облыс, ауыл-аймақтағы білімді де алғыр жастарға 4 жылдық оқу гранттары мен жеңілдіктер бөліп отыр, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

SPT (SDU Proficiency test) – Сулейман Демирель университеті ұйымдастыратын Қазақстанның барлық мектеп пен колледж түлектеріне арналған олимпиада. Негізгі мақсаты – еліміздің түпкір-түпкіріндегі талапкерлерге болашақта мамандық таңдауға көмектесу және университет гранты мен жеңілдіктер ұсыну арқылы қолдау.

Осымен 8 жыл қатарынан Қазақстанның барлық ірі қалаларында өткізілетін олимпиада екі айналымнан тұрады. І айналымда онлайн форматта қатысушылар 50 логикалық сұраққа жауап береді. Ал ІІ айналымда оқушылар мен колледж түлектері ҰБТ-да таңдаған пәндер бойынша тест тапсырады. Олимпиада қазақ және орыс тілдерінде өтеді.

Озық шыққан жастарға Сулейман Демирель Университеті жалпы саны 264 жеңілдік пен гранттар ұсынады.

Олимпиадаға тіркелу онлайн түрде 28 ақпанға дейін жүргізіледі.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях