290 отбасы азық-түлікпен қамтылады  

0
404

«Halyk» қайырымдылық қоры қарасайлықтарға азық-түлік жөнелтті, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

«Halyk» қайырымдылық қоры игі істерін жалғастырып, «Ел тірегі – Елбасы» деген ұранмен азық-түліктерді біздің ауданға арнайы тағы да жөнелтті. Жүк көлігіне артылған 890 қорап күні кеше әр окуг бойынша тиісті тізім бойынша бөлінді. Алдағы уақытта бұл азық-түліктер үш қораптан сұрыпталып, 290 мұқтаж отбасыға таратылады.

50 кг салмақтағы әр қорапта ұн, күріш, қарақұмық, макарон, сұйық май, бұқтырылған ет, қант, шай, кәмпит сияқты ең қажетті өнімдер қамтылған.

Жалпы, бұл игі шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Halyk» қайырымдылық қорының бастамасымен «Ел тірегі – Елбасы» деп аталып, азық-түлікке мұқтаж отбасыларды қолдау мақсатында жүзеге асып келеді.

Дәл осы бағытта ағымдағы жылдың наурыз және шілде айларында коронавирус пандемиясына байланысты қиындыққа тап болған көптеген қарасайлықтарға көмек көрсетілді. Бұл уақыт аралығында да 290 отбасы азық-түлікпен қамтылған болған. Енді, міне, акция аясындағы жұмыстар тағы жалғасуда. Алдағы уақытта бұл қораптардың барлығы округ әкімдіктерінің дайындаған тізімі бойынша еріктілердің көмегімен мұқтаж отбасыларға таратылады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь