Жасөспірім – заң – қауіпсіздік

0
3127

Кеше, ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің 2018 жылғы бірінші тоқсанға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, сондай-ақ «Бақытты балалық шақты қорғау» имидждік жобасын іске асыру бойынша Қарасай ауданының ішкі істер басқармасының ұйымдастыруымен Алтын ауыл мектебінде «Жасөспірім – заң – қауіпсіздік» атты акция өтті.

19-24 ақпан аралығында республика көлемінде өткізілуі тиіс мектеп оқушыларына арналған бұл акцияның басты мақсаты – кәмелетке толмаған жастардың арасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасы, сондай-ақ олардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Жиын барысында аудандық ішкі істер басқармасының аға инспекторы, полиция капитаны Айдос Садықов, аға инспектор Гүлсара Қалимағамбетова және аудандық жастар ресурсы орталығының жетекшісі Мадина Нұрланова сөз сөйлеп, заң бұзушылықтың тарттырар зардабы жайлы сөз қозғады.

Айдос Садықов оқушыларға акцияның мән-маңызын айтып, мақсат-міндеттерін түсіндірген соң оқушыларды аудандық ішкі істер басқармасымен таныстыруға уәде берді.

Одан кейін, сөз алған Мадина Нұрланова жастар арасындағы құқықбұзушылықтың, қылмыс пен қараусыздықтың алдын-алу мақсатында ауданымыздың жеті колледжінде бес акция және он дөңгелек үстел ұйымдастырылғанын тілге тиек етті.

Үлкендер тарапынан құқықбұзушылық туралы көптеген маңызды мәлімет естіген оқушылардың назарына кейін нашақорлық, балалар колониясы, бопсалау туралы фильмдер ұсынылды.

Жиын соңында, құқықбұзушылық деректерінің әлі де азаймай тұрғанын сөз еткен Гүлсара Қалимағамбетова балаларды білім ұясында бұзақылар бопсалап, қоқан-лоққы көрсетілсе дереу құқық қорғау органдарына барып шағымдану керек екендігін айтты.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь