Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті

Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті

Бүгін аудандық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында алтыншы шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті 38-ші сессиясы өтті. Жиынға  «Заман жаршысы» газетінің бас редакторы, депутат Атлана Исаева  төрағалық етіп, жүргізіп отырды. Сессия күн тәртібінде төрт мәселе бекітіліп, соларға қатысты ұсыныстар талқыға салынды. Бірінші мәселе, Қарасай ауданының 2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджеті жобасы туралы болды. Бұған қатысты баяндаманы аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Жеңіс Ноғайбаев оқыды. Баяндамасында 2019 жылға арналған аудан бюджетінің кірістер мен шығыстар көлемдеріне тоқталып, аудандық мәслихат депутаттарынан 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізулеріне бекітіп беруді сұрады. Яғни, аталған мерзімге шығынның есебі берілді, оның басым бөлігі білім саласының қажеттіліктеріне жұмсалмақ.  Күн тәртібіндегі екінші мәселе, аудан бойынша бірыңғай тіркелген салықтың мөлшерлемелерін белгілеу туралы болды. Ал, кейінгі мәселеге қатысты ортаға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ә.Қыйлыбаева шығып, Қарасай ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне ай сайынғы әлеуметтiк көмек көрсету , еңбек өтілін анықтайтын аудандық арнаулы комиссияның құрамына өзгеріс енгізу туралы сөз қозғады. Төртінші мәселе аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасын сайлауға ұсынылған «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының бірінші орынбасары, депутат Ақшол Маратқа депутаттар жағынан бірден қолдау табылды.

Өз кезегінде аудан әкімі Жандарбек Ермекұлы да сөз алып, сессия жұмысы барысында қарасайлықтардың тыныс-тіршілігіне қажетті маңызды жайттар қаралғанын, әрбір өткізілетін мұндай жиындардан кезең-кезеңімен атқарылып жатқан ауқымды істердің нәтижесі анық байқалатынын тілге тиек ете келе, халық қалаулыларына өзінің алғысын білдірді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях