Шырша шамы жағылды (Видео)

Шырша шамы жағылды (Видео)

Бүгін аудан әкімі Жандарбек Далабаев ауданымыздың орталығы Қаскелең қаласындағы бас шыршаның шамын жақты. Сондай-ақ, аймақтағы жыл бойы атқарылған толымды тірліктерді тілге тиек етіп, қауым көпшілікті мерекемен құттықтады.

Биылғы жылы бұл шараның ерекшелігі, орталықта емес аудандық мәдениет үйінің алаңында өткізілуінде. Бұл мерекелік кеште ертегі кейіпкерлерінің кейпіне енген жастар өнер көрсетіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Осы шараның ұйымдастырылуына ұйытқы болып отырған қала әкімі Асқар Мұқашев көңілді кешке қалай дайындалғандықтарын да айтып өтті.

Ортаға жұптаса шыққан Аяз аталар мен Ақшақарлардың, кішкентай Сантаның киімін киген бүлдіршіндердің билері көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ал, жаңа жылдың тағы бір символы саналатын мерекелік отшашу да, шараның көркін одан әрі жандандыра түсті. Қыстың суығына қарамастан, жиналған көпшілік әсем әуеннің ырғағына қосыла билеп, арнайы әзірленген мерекелік бағдарламаны қызыға тамашалады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях