2020 жылдан бастап профилактикалық тексерістен тек сақтандырылған адамдар ғана өтеді

2020 жылдан бастап профилактикалық тексерістен тек сақтандырылған адамдар ғана өтеді

Скринингтік тексеру (профилактикалық тексеру) қызметтері 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакетінің құрамына кіреді. Осы ретте келесі жылдан бастап профилактикалық тексеруден тек сақтандырылған азаматтар ғана өте алатын болады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Калалық әкімдікте өткен брифингте Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова Қазақстанда халық скринингі он жылдан астам уақыттан бері жүргізіліп келе жатқанын, сондай-ақ, бүгінде мемлекет есебінен профилактикалық тексеруден ақысыз негізде өтуге болатынын айтып, келесі жылдан бастап скринингтік тексеру қызметтері МӘМС пакетінің құрамына кіретінін де мәлімдеді.

– Бұл өзгеріс ересектер мен балалар профилактикалық тексеруден тек сақтандырылған жағдайда ғана өте алады дегенді білдіреді. Алайда мемлекет балалар үшін төлейтін болады, ал ересектер жеңілдік тобына жатпайтын болса ай сайын медициналық сақтандыру қорына төлем төлеу керек болады. МӘМС жүйесінің мемлекет пен адамдар арасындағы ортақ жауапкершілікке негізделетін байланысты нығайтуда көмегі бар. Сондай-ақ, осы жүйе арқылы адамдар үшін аурухананы таңдау мүмкіндігі және қымбат медициналық қызмет түрлері қолжетімді болады, – деді Әлия Рүстемова.

Обсуждение: 1 комментарий
  1. жазира
    Ответить

    Бұл барлық азаматтарға қатысты ма?

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях