«Болашақ» бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау басталады

«Болашақ» бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау басталады

Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жарияланды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік баслымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Құжаттарды қабылдау магистратура, докторантура, резидентура және болашақ мамандығы бойынша тәжірибеден өту бағдарламаларына сәйкес жүргізілетін болады. Үміткер өзінің құжаттарын әр аймақтардағы халыққа қызмет көрсету орталықтарынан немесе eGov.kz порталы арқылы онлайн режимінде жіберуіне болады.

Құжаттарды қабылдау 2019 жылдың ақпан айының 25-нен тамыз айының 31-не дейін жалғасады. Ал, байқау 2019 жылдың наурыз айынын 6-нан бастап қараша айынын 29-на дейін өтеді.

Биылғы жылы бағдарламадағы стипендиялар 69 мамандық бойынша бөлінген. Қазақстандық студенттерді жүзден астам шетелдік университеттер қабылдауға дайын. Білім беру мекемелерінің тізімі www.bolashak.gov.kz ресми сайтында орналастырылған.

«Болашақ» стипендиясына қоса, Халықаралық бағдарламалар орталығы шетелдік әріптестердің Қазақстан тұрғындарына 40 мыңға жуық грант бөлетін үкіметаралық келісімдер бағдарламасын жүзеге асырады. Ал, ағылшын тіліннен өтетін тест бойынша ең жоғарғы балды жинаған үміткер «Болошақ» стипендиясына ие болады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях