Жыл басынан бері халық саны 77 мыңға артты

0
924

2022 жылдың мамыр айына дейінгі статистика бойынша халық саны 19 199 844 жеткен, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес 2022 жылдың басынан, мамыр айына дейін халық саны 77 421 адамға өскен. Қазіргі уақытта қала халқы 11 442 911, ал ауыл халқы 7 756 933 адамды құрап отыр.

Қала халқы бойынша Алматы қаласы 2 034 108 адамға жеткен. Кейінгі қатарларда Нұр-Сұлтан, Шымкент, Қарағанды қалалары орналасқан.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь