Жетісулықтар Суперкубок иегері атанды

Жетісулықтар Суперкубок иегері атанды

Жуырда волейболдан өткен суберкубокте Алматы облысының «Жетісу» командасы Шығыс Қазақстан облысынан келген «Алтай» командасын арта қалдырып, чемпион атанды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.  

Облыс орталығында Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт кешенінде өткен бәсеке өте тартысты өрбіді. Сайыс барысында жетісулық команда есепті алғаш болып ашып, ойынның бірінші кезеңінде 25:18-і, екінші кезеңде 25:17-і есебімен аяқтады. Ал, үшінші сетте Алматы облысының спортшылары қарластарына мүмкіндік бермей 25:22-і ұпайымен кездесудің нүктесін қойып, қорытынды есеп бойынша 3:0 мен аяқтады. Осылайша «Жетісу» командасы Қазақстан Республикасы Суперкубогінің үш дүркін чемпионы атанды.

Жеңімпаздарды Алматы облысының әкімі Амандық Баталов құттықтап, мадақтау грамотосы мен суперкубокті өзі табыстады.

Айта кетейік осы жарыста үздік үштік «Ертіс-Қазхром» волейбол командасына бұйырды.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях