Балпық бидің 325 жылдығы аталып өтті

Балпық бидің 325 жылдығы аталып өтті

Жетісу өңірінде өмір сүріп, өз заманының шешені болған, әрі көсем, әрі би, әрі қол бастаушы батыр Балпық бидің ерлігін ұрпаққа өнеге етуді парыз санаған көксулықтар бидің 325 жылдық мерей тойын дүбірлете атап өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Атаулы мерекені тойлау «Балпық баба ізімен» тарихи -танымдық экспедициялар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, көне орындарға ғылыми экспедиция, ғылым қайраткерлерінен құралған тағзым ету сапары, көшпелі батырлар қару жарақ көрмесі көрсетілімімен басталды.

Сондай-ақ шара барысында, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, облыс әкімі Амандық Баталовтың қолдауымен «Байтақ елдің Балпығы» атты жақында жарыққа шыққан кітаптің тұсаукесері де өтті. «Дала данышпаны» атанған Балпық бидің 325 жылдық мерейтойына орай жарық көрген бұл кітапта Ескелді, Балпық би, Қабан жырау (Қабылиса) сынды тарихи ұлы тұлғалар жайлы тың да құнды деректер олар өмір сүрген сол алмағайып кезеңнің шындығымен астарласа баяндалады. Сонымен қатар, Көксу ауданының Мәдениет үйінде «Бата сөзі — ата сөзі» тақырыбында байқау ұйымдастырылып, оған республиканың 4 облысы мен 2 қаласынан 13 ақсақал қатысып, өзара өре мен шешендіктерінен бақ  сынасты. Сайыс қорытындасы бойынша 3 кезеңнен сүрінбей өткен 79 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны Аманжол Дүрәліұлы жеңімпаз атанып, бас жүлде мен 2 млн 500 мың теңгені қанжығасына байлады. Торқалы той соңында Балпық баба рухына арналып ас берілді.

Ендігі кезекте қорытынды басқосулар Текелі, Талдықорған қалалары мен Қаратал аудандарында жалғасын таппақ.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях