«Жетісудың жеті батыры» атты жоба

«Жетісудың жеті батыры» атты жоба

Күнделікті өмірде кездескен оқыс оқиғаларда басын қатерге тігіп, ерлік көрсеткен жандар ісі көпшілікке үлгі тұтарлықтай.  Сол есімдерді қайта жаңғырту, ерліктерін жария ету мақсатында «Жетісудың жеті батыры» атты жоба ұйымдастырылды деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы  Алматы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

– Бұл күнде қайсарлық танытатын азаматтар кемде-кем. Бірақ, көпке топырақ шашуға да болмайды. Өз өмірін ойланбастан басқа азамат үшін қиып, қол ұшын созатындар да жетерлік. Тіпті, өмірден озғандарда қаншама. Сондай игі істерді атқарған азаматтарымыздың ерен еңбектерін жаңғырту мақсатында  Алматы облысының ішкі саясат басқармасының қолдауымен байқау ұйымдастырдық, – дейді жоба авторы Сандуғаш Дүйсенова.

Байқауға үміткер ретінде Алматы облысының 12 жастан бастап  бейбіт заманның батыры ретінде көзге түскен азаматтардың өтініштері  қабылданады. Жалпы, алғанда, сыйлыққа ұсынылу үшін республика, облыс және аудан көлемінде ерлігі дәлелденген  азаматтар қатыса алады.

Жоба «Ер жүрек», «Ерлігі үшін» , «Жүректен жүрекке», «Қаһарман қыз», «Кейіпкер», «Халық батыры», «Жанған жұлдыз» атты жеті   номинациядан тұрады.

Байқау жеңімпазы Алматы облысы әкімінің «Жетісу жеті батыры»  сыйлығымен марапатталады.

Конкурсқа қатысу туралы өтініш 15 сәуірге дейін қабылданады. Қосымша  ақпаратты 87471997604 нөмірнен біле аласыздар.

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях