Талғар ауданына жаңа әкім тағайындалды

Талғар ауданына жаңа әкім тағайындалды

Бүгін ҚР Президенті әкімшілігі және аудандық мәслихаттың келісімімен Алматы облысы әкімі Амандық Баталовтың өкімімен Серікжан Қазиұлы Ерекешев Талғар ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Серікжан Қазиұлы 1973 жылы 30 шілдеде туылған. Алматыдағы индустриалдық техникумды «Техник-механик» мамандығы бойынша, Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша және Нархоз Университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика және бизнес бакалавры» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Алматы қаласында «Бағалы қағазды тіркеу системасы» жабық акционерлік қоғамының тізімдерді жүргізу қызметінің жетекші маманы ретінде бастаған. Көп жылдар бойы Маңғыстау облысындағы «Бейнеу жолдары» ЖШҚ құрылыс кешенінде механик, бас механик, атқарушы директор болып жұмыс істеген. 2012 жылдан 2016 жылға дейін Іле ауданы Байсерке ауылдық округінің әкімі болған. 2016 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Іле ауданы әкімінің орынбасары лауазымында болған.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях