Желі қолданушыларын «ерімейтін қар» таңғалдырды (Видео)

Желі қолданушыларын «ерімейтін қар» таңғалдырды (Видео)

Атырауда мұздатқыштағы сәбидің өліміне қатысты іс бойынша сотта дәрігерлер жанжал шығарды,  деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы «Ақ Жайық» газетінің сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, өзінің жаза мерзімін (16 жылға бас бостандығынан айыру) естіген акушер-гинеколог Асқар Қайыржан «Мен келіспеймін!» деп, айыпталушыларға арналған кабинаның әйнегін ұра бастады. Содан кейін судья Гүлмира Дәулетова қарауылдан оны залдан алып кетуді сұраған.

Ал, орталық директорыҚуаныш Нысанбаевқа (18 жыл) қатысты шығарылған сот үкімін естіген оның әйелі судьяға «сіздерді антикор басқарып отыр» деп, судьяға дөрекі сөздермен айғайлай бастаған. Осыдан кейін сот оны залдан шығарып жіберген.

Белгілі болғандай, Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мұздатқыштағы сәбидің өлімі туралы іс бойынша облыстық перинаталдық орталық дәрігерлеріне қатысты үкім шығарған еді.

Сот Қуаныш Нысанбаевты 18 жылға, Асқар Қайыржанды 16 жылға, Тамила Құлбатырованы 15 жылға бас бостандығынан айырған болатын.

«Дәрігерлердің айтқанын істедім, еш кінәм жоқ!», – деді сот барысында дәрігер Құлбатырова.

Судья сотталушылар мен адвокаттарға 15 күн ішінде апелляциялық шағым беруі керек екенін ескертіп, сот үкімін соңына дейін жариялады.

Естеріңізде болса, 2019 жылдың қыркүйек айында Атыраудың перинаталдық орталығында жанжал шыққан болатын. Сол кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Шыңғыс Қабдолла облыстық перинаталдық орталық дәрігерлері Атырауда жаңа туған баланы өлтірді деген күдікке ілінгенін хабарлаған еді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях